Accessibility links

Украина: Луганскіде қару-жарағы бар көліктер ұсталды


Луганск облысындағы ресейшіл сепаратистер. 25 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Луганск облысындағы ресейшіл сепаратистер. 25 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Луганск облысының Ресеймен шекарасында мамырдың 27-іне қараған түні қару-жарақ тиеген көлік колоннасы ұсталды деп хабарлайды Украина мемлекеттік шекара қызметі.

Шекарашылардың мәліметінше, Ресейден келе жатқан көлік колоннасында бірнеше жүк көлігі, микроавтобустар мен жеңіл көліктер болған. Шекарашылар оларға оқ атып, екі жақ арасында ұрыс болған. Бір адам қаза тауып, біреуі ауыр жараланған. Сонда да болса бірнеше көлік Украина территориясына ішкерілеп өтіп кеткен.

Қолға түскен жүк көліктері мен микроавтобустардан Калашников автоматтары, танкіге қарсы қолданылатын қол гранатометі мен жарылғыш заттар табылған.

Шекара қызметі бұған қоса Ресей-Украина шекарасына жақын жерде қарулы адамдары бар 40 жүк көлігі тұрғанын айтады.
XS
SM
MD
LG