Accessibility links

Сепаратистер: Донецкіде ондаған сарбазымыз мерт болды


Украинадағы ресейшіл бүлікшілер. Донецк, 27 мамыр 2014 жыл.

Украинадағы ресейшіл бүлікшілер. Донецк, 27 мамыр 2014 жыл.

Ресейшіл сепаратистер Донецкіде 26 мамыр күні украин әскерімен шайқаста кемінде 30 бүлікші қаза тапқанын хабарлады.

26 мамыр күні ондаған ресейшіл сепаратист Донецкінің халықаралық әуежайын басып алған еді. Бұдан соң Украина әскері оларға қарсы әскери ұшақтар мен тікұшақтарды пайдаланып, әуеден соққы берген.

Аты-жөнін атамаған сепаратист бір тәулікте - дүйсенбіден сейсенбінің таңына дейін созылған ұрыс барысында 35-ке дейін бүлікші қаза тапқанын айтады.

Ал өзін-өзі "Донецкінің халық губернаторы" деп жариялаған Павел Губарев үкімет күштері әуежайдан ауруханаға жаралыларды алып бара жатқан көлікке оқ атып, 35 адамның қаза тапқанын, 15 адамның жараланғанын хабарлады.

Бірақ сепаратист айтқан 30-35 адам мен Губарев айтқан 35 бүлікшінің қаза табуы бір оқиға ма, әлде басқа ма - оны анықтау мүмкін болмай тұр.

27 мамыр күні Украинаның шекара қызметі көршілес Луганск облысында Ресей жағынан мемлекеттік шекараны кесіп өткен бүлікшілер тиеген көліктерге оқ атқанын хабарлады.

25 мамыр күні өткен сайлауда президент болып сайланған Петр Порошенко Украинаның шығысындағы азаматтармен диалог орнатуға дайын екенін, бірақ "террористермен" ешқандай сөзге келмейтінін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG