Accessibility links

Египет президенті сайлауы бір күнге ұзартылды


Египет президенті сайлауында дауыс беріп тұрған адам. Каир, 27 мамыр 2014 жыл.
Египет президенті сайлауында дауыс беріп тұрған адам. Каир, 27 мамыр 2014 жыл.
Египет сайлау комиссиясы дауыс бергендердің аздығынан және сайлаушылар белсенділігінің төмендігінен президент сайлауына дауыс беруді бір күнге ұзартты.

Сайлауда жеңістен басты үміткер - елдің демократиялық жолмен сайланған президенті Мұхаммед Мурсиді былтыр биліктен кетіруді ұйымдастырған бұрынғы армия қолбасшысы, генерал Абдел Фаттах әл-Сиси. Әуелде сайлау мамырдың 26-сы мен 27-і күндері өтеді деп жоспарланған. Әл-Сисидің жақтастары тұрғындар сайлауға белсенді қатысады деп үміт артқан.

Сайлау комиссиясы мүшесінің мемлекеттік MENA агенттігіне мәлімдеуінше, дауыс беруді ұзарту шешімі "сайлаушыларға өз таңдауын білдіруіне барынша көп мүмкіндік беру" мақсатында қабылданған.
XS
SM
MD
LG