Accessibility links

Путин Украинада әскери операцияны тоқтатуды талап етті


Әуежайға барар жолда баррикада құрып тұрған ресейшіл сепаратистер. Донецк, 27 мамыр 2014 жыл.
Әуежайға барар жолда баррикада құрып тұрған ресейшіл сепаратистер. Донецк, 27 мамыр 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин ресейшіл сепаратистердің Донецкіде ондаған адамы қаза тапқан ұрыстан соң Украинаның шығысындағы әскери операциялардың дереу тоқтатылуын талап етті.

27 мамыр күні Украина ішкі істер министрі сепаратистерден босатылған Донецкінің халықаралық әуежайын бақылауына алғанын хабарлаған. Әуежайда болған операцияда қаза тапқандардың нақты саны туралы ресми мәлімет әзірге белгісіз. Сепаратистер қаза тапқандар саны 30-дан 120 адамға дейін жетуі мүмкін дейді. Донецк мэрі 40 адамның (екі бейбіт тұрғын мен 38 сепаратистің) қаза тапқанын айтады.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваковтың айтуынша, украин әскері шығынға ұшырамаған.

Украинадағы кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Петр Порошенко шиеленісті шешу үшін Мәскеумен келіссөздер жүргізуге ниетті екенін мәлімдеген. Бірақ Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Кремль Порошенконың Ресейге сапарын қарастырып отырмағанын" айтқан.
XS
SM
MD
LG