Accessibility links

Обама Ауғанстанда қалатын АҚШ әскері жайлы айтты


АҚШ президенті Барак Обама (ортада) Кабулдағы Баграм әскери базасында америкалық әскерилермен кездесіп тұр. Ауғанстан, 25 мамыр 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (ортада) Кабулдағы Баграм әскери базасында америкалық әскерилермен кездесіп тұр. Ауғанстан, 25 мамыр 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама 2014 жылдан кейін Ауғанстанда 9800 америкалық сарбаздың қала тұруын қарастыратынын мәлімдеді. Обаманың айтуынша, 2015 жылдан бастап "елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті толықтай ауғандықтардың өз мойнына жүктеледі, ал америкалық әскерилер кеңесшілер ретінде қызмет етеді".

Бұл елде қалатын АҚШ әскерилерінің міндеті ауған әскерилерін даярлап, "Әл-Қаидаға" қарсы антитеррорлық операциялар жүргізу болмақ. Ақ үй 2015 жылдың соңына қарай Ауғанстандағы АҚШ әскери контингенті санын екі есе азайтып, 2016 жылы тек дипломатиялық өкілдіктерді қорғайтын ғана бөлімше қалдырып, өзге әскерін толықтай әкетуді жоспарлап отыр.

Обама жоспарлап отырған АҚШ әскері Ауғанстан билігі қауіпсіздік туралы екіжақты келісімге қол қойғанда ғана қала алады. Ауған президент сайлауының алғашқы кезеңінде алға шыққан екі кандидат та келісімге қол қоюға уәде берген.

Ауғанстанның қазіргі президенті Хамид Карзай Вашингтонмен келісімге қол қоюдан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG