Accessibility links

Баррозу: ЕО Украинаның жаңа президентін қолдайды


Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу (оң жақта) мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк. Брюссель, 13 мамыр 2014 жыл.

Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу (оң жақта) мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк. Брюссель, 13 мамыр 2014 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенконы қолдайтынын білдірді. Брюссельде ЕО-ға мүше елдер басшыларының бейресми жиынынан соң Еурокомиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозу "ЕО Украинаның заңды түрде сайланған президенті жағында екенін" мәлімдеді.

Баррозудың айтуынша, ЕО елдерінің басшылары Украинада конституциялық реформалар жүргізу, ел экономикасын қолдауға қаржы бөлу, Ресей газына тәуелді Украина мен Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайту жұмыстарын талқылаған.

Баррозу бұған қоса украин әскері елдің шығысында ресейшіл сепаратистерге қарсы арнайы операциялар жүргізіп жатқан тұста Киевтің "сыртқы қысымға төтеп беруіне" жәрдемдесетінін де айтты.

АҚШ президенті Барак Обама да 27 мамыр күні Петр Порошенконы президент болып сайлануымен телефон арқылы құттықтап, оның елді қайта біріктіру әрекетін Вашингтонның толық қолдайтынын білдірген.
XS
SM
MD
LG