Accessibility links

Астана полициясы жер даулағандарды тағы ұстады


Жер учаскелерінің тартып алынуына қарсы тұрғындар парламенттің кіре беріс бөлмесінде тұр. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

Жер учаскелерінің тартып алынуына қарсы тұрғындар парламенттің кіре беріс бөлмесінде тұр. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

Астанада бүгін, 28 мамыр күні үйлерін сүріп, жер телімдерін "мемлекет қажетіне" алуға қарсы хатты депутаттарға тапсыруға барған төрт әйелді парламент үйі алдында полиция ұстап әкетті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ұсталғандардың бірі Сандуғаш Серікбаеваның айтуынша, оларды Есіл аудандық ішкі істер басқармасына әкеліп, кабинетке жауып тастаған.

- Осымен үш күн болды, олар бізді не үшін ұстағандарын түсіндіріп айтпайды. Тек бүгін ғана "Бізге жоғары жақтан сіздерді ұстауға бұйрық берілді" деді. Кеше біз өз арыздарымызды тапсыра алмағандықтан, бүгін тапсыруға бекінгенбіз, - деді Сандуғаш Серікбаева.

Кеше бес әйел екі рет ұсталған еді. Мұндай жағдай 26 мамыр күні де болған.

Астаналықтардың бұл тобы "мемлекет мұқтаждығы үшін" тартып алынып жатқан жер учаскелерінің иелері. Олар үйлерінің сүрілуіне және учаскелерінің алынуына наразы.
XS
SM
MD
LG