Accessibility links

Абхазия басшысы: Оппозиция қарулы төңкеріс жасады


Абхазия президенті Александр Анкваб. Сухуми, 28 мамыр 2014 жыл.

Абхазия президенті Александр Анкваб. Сухуми, 28 мамыр 2014 жыл.

Грузияның жікшіл Абхазия аймағының президенті Александр Анкваб оппозицияның 27 мамырда аймақ астанасы Сухумиде президент сарайын басып алуын "қарулы мемлекеттік төңкеріс" деп атады.

Бірақ Анкваб 28 мамырда Абхазия телеарнасынан сөйлеген сөзінде "жағдайды заңды түрде қалыпқа келтіруге әлі де мүмкіндік барын" хабарлады.

Анкваб өзінің Абхазияда екенін, бірақ нақты мекен-жайын жарияламайтынын айтты. Оның сөзінше, "кейбіреуі қарулы көп адам" мемлекеттік телеарнаны да басып алған.

27 мамырда оппозицияның мыңдаған жақтасы үкіметтің бейқамдығына наразылық танытып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, президент кеңсесі орналасқан ғимаратты басып алған.

Анкваб шерушілердің үкіметті тарату талабын орындауға келіскен. Бірақ шерушілер оның өзінің де отставкаға кетуін еткен.

Абхазия мен Грузияның тағы бір жікшіл аймағы - Оңтүстік Осетияны Мәскеу 2008 жылы тамызда Ресей мен Грузия арасындағы қысқа мерзімді соғыстан кейін тәуелсіз деп таныған. Бірақ Тбилиси бұл аймақтарды әлі Грузияның бір бөлігі санайды.
XS
SM
MD
LG