Accessibility links

Қадыров: Донецкіге шешен жасақтары жіберілген жоқ


Шешенстан президенті Рамзан Қадыров.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров "Украинаның шығысына ресейшіл сепаратистермен бірге соғысуға әскер жіберді" деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қадыров 28 мамырда әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған мәлімдемесінде "3 миллион шешен халқының үштен екісі Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағынан тысқары жерде тұратынын", сондықтан өзінің "қай шешеннің қайда баратынын білмейтінін және білуге міндетті емесін" айтқан.

CNN бұған дейін Донецкідегі сепаратистер өздерін "Қадыровтың қауіпсіздік бөлімдерінің жасақтары екенін мойындағаны" туралы хабар таратқан.

Донецк мэрі 26 мамырда қаладағы халықаралық әуежайға шабуыл жасап, жараланғандар арасында шешен жасақтары барына сенімді екенін айтқан.

Ресейдің оппозиция жетекшісі Борис Немцов шешен жасақтары Донецкіге Ресей президенті Владимир Путиннің келісімімен жіберілді деген пікірде.
XS
SM
MD
LG