Accessibility links

Абхазия басшысы оппозиция әрекетін "қарулы төңкеріс" деп атады


Абхазия президенті Александр Анкваб. Сухуми, 28 мамыр 2014 жыл.

Абхазия президенті Александр Анкваб. Сухуми, 28 мамыр 2014 жыл.

Грузияның жікшіл Абхазия аймағының президенті Александр Анкваб оппозицияның 27 мамырда аймақ астанасы Сухумиде президент сарайын басып алуын "қарулы мемлекеттік төңкеріс" деп атады.

Бірақ Анкваб 28 мамырда Абхазия телеарнасынан сөйлеген сөзінде "жағдайды заңды түрде қалыпқа келтіруге әлі де мүмкіндік барын" хабарлады.

Анкваб өзінің Абхазияда екенін, бірақ нақты мекен-жайын жарияламайтынын айтты. Оның сөзінше, "кейбіреуі қарулы көп адам" мемлекеттік телеарнаны да басып алған.

Сухуми қаласында 27 мамыр күні оппозицияшыл шерушілер аймақ басшысының кеңсесі орналасқан ғимаратты басып алып, бір бөлігін қиратқан еді. Жүздеген адам Шерушілер президент сарайына шабуылдап жатыр. Сухуми, 27 мамыр 2014 жыл.

Шерушілер президент сарайына шабуылдап жатыр. Сухуми, 27 мамыр 2014 жыл.

ғимарат алдына үкіметтің бейқамдығына наразылық білдіріп, реформалар жүргізуді талап етуге жиналған.

Шерушілер президент Александр Анкваб отырған ғимаратты басып алуға бірнеше рет әрекет қылып, соңында терезені сындырып кірген.

Александр Анкваб оппозиция жетекшісі Рауль Хаджимбамен кездесуге келісім беріп, сосын үкіметті тарататынын айтып, ғимаратты тастап шыққан. Бұдан соң да шеру жалғасып, оппозиция Анквабтың өзінің де отставкаға кетуін талап еткен.

Абхазия мен Грузияның тағы бір жікшіл аймағы - Оңтүстік Осетияны Мәскеу 2008 жылы тамызда Ресей мен Грузия арасындағы қысқа мерзімді соғыстан кейін тәуелсіз деп таныған. Бірақ Тбилиси бұл аймақтарды әлі Грузияның бір бөлігі санайды.
XS
SM
MD
LG