Accessibility links

Астана мен Мәскеу АЭС салу туралы құжатқа қол қоймақ


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.
Мәскеу мен Астана Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу туралы меморандумға қол қоюға дайындалып жатыр. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, құжатқа 29 мамыр күні екі ел президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев қол қоймақ.

АЭС совет уақытында Семей ядролық полигонының орталығы қызметін атқарған Курчатов қаласында ресейлік технологияны пайдалана отырып салынбақ. Құрылыстың қашан басталып, аяқталатыны әзірге хабарланған жоқ.

Әлемде өндірілетін ураның төрттен бірі Қазақстанның үлесіне тиеді.

Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қойғаннан соң Назарбаев пен Путин жеке кездеспек.
XS
SM
MD
LG