Accessibility links

Луганскідегі ұрыста адамдар мерт болғаны хабарланды


Луганскідегі ресейшіл сепаратистер. Луганск, 25 мамыр 2014 жыл.

Луганскідегі ресейшіл сепаратистер. Луганск, 25 мамыр 2014 жыл.

Украина ұлттық гвардиясы Луганскіде сепаратистермен ұрыс болып, адамдар мерт болғанын хабарлады.

Гвардия таратқан қысқаша хабарламада ресейшіл сепаратистер Луганскіде гвардия пайдаланып отырған базаға шабуыл жасап, басып алмақ болғаны айтылады.

Украин әскерилері жағынан да, сепаратистер жағынан да қаза тапқандар бар. Бірақ олардың нақты саны айтылмайды. Хабарламада бұған қоса 28 мамыр күні сепаратистер Луганскідегі тағы бір базаға шабуылдағаны айтылған.
XS
SM
MD
LG