Accessibility links

Алматының орталық алаңында қауіпсіздік шарасы күшейді


Республика алаңында тұрған полиция көліктері. Алматы, 29 мамыр 2014 жыл.

Республика алаңында тұрған полиция көліктері. Алматы, 29 мамыр 2014 жыл.

Бүгін Алматыда Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінің маңын полиция қоршауға алды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, монумент маңында ішкі әскер сарбаздары отырған екі автобус пен полицейлері бар екі шағын автобус тұр. Монумент маңы темір шарбақтармен қоршауға алынған.

Бүгін Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қояды. Осының қарсаңында Алматы мен Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтілгені байқалады.

Қоғамдық белсенділер бұл күні Еуразия одағына қарсылықтарын білдіретіндері туралы күнібұрын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG