Accessibility links

Астанада Алматыдан барған белсенді қамалды


Астанада "антиеуразиялық" жиында ұсталған белсенділер Есіл аудандық ішкі істер басқармасында. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.
Астанада "антиеуразиялық" жиында ұсталған белсенділер Есіл аудандық ішкі істер басқармасында. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.
28 мамыр күні Астанада Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қоятын күн қарсаңында қарсылықтарын білдіруге Алматыдан барған бірнеше азаматтық белсендіні полиция ұстады.

Астанаға барған белсенділердің бірі Мұратбек Есенғазы "ұсақ бұзақылық жасады" деген айыппен екі тәулікке қамалған. Тағы екі белсенді - Дәурен Жұмаділ мен Ағзамбек Айқынбаев 28 мамыр күні наразылық акцияларын өткізбеу және оған қатыспау туралы ескерту алған. "Солидарность" жұмысшы қозғалысының жетекшісі Сахиб Жаңабаева ұсталғандардың екеуі де полиция бөлімінде отырғанын айтады.

27 мамыр күні Астананың шетіндегі Ильинка кентінде полиция Еуразия одағының құрылуына қарсы белсенділер өткізген жиынға қатысқан бірнеше адамды, соның ішінде осы шарадан хабар дайындауға барған Азаттық тілшісі Өркен Жоямергенді ұстаған еді.

Олардың ісін түні бойы қараған әкімшілік сот Өркен Жоямергенмен бірге "16/12" интернет порталының тағы екі журналисі мен бірнеше белсенді "ұсақ бұзақылық жасады" деген айыппен үш тәуліктен төрт тәулікке дейінгі мерзімдерге әкімшілік қамауға алуға шешім шығарған.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосы компаниясы тілшісінің ұсталғанын Еуразия экономикалық одағы туралы ақпараттың таратылуына кедергі жасау және сөз бостандығын бұзу деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG