Accessibility links

Қырғызстанда экс-спикер жақтастары жолды жапты


Экс-спикер Ахматбек Келдібековтің жақтастары наразылық танытып тұр. Ош, Қырғызстан, 29 мамыр 2014 жыл.

Экс-спикер Ахматбек Келдібековтің жақтастары наразылық танытып тұр. Ош, Қырғызстан, 29 мамыр 2014 жыл.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында бұрынғы парламент спикері Ахматбек Келдібековтің жүздеген жақтасы оның қамаудан босатылуын талап етіп, жолды жауып тастады.

Келдібековті жақтайтын 300-ге жуық адам 28 мамыр күні Ош-Эркештам бағытындағы тас жолдың ортасы мен шетіне киіз үйлер тігіп, көліктердің қозғалысына бөгет қойған еді.

Жергілікті билік өкілдері демонстранттарды райынан қайтара алмай, жолдың екі жағында да ондаған көлік бөгеліп тұр.

Наразылар Келдібеков қамалған өткен жылдың қарашасынан бері Ош пен Бішкекте бірнеше митинг өткізген. Бұрынғы спикер "мемлекеттік әлеуметтік қор мен салық қызметін басқарып тұрған кезінде қызмет бабын теріс пайдаланды" деген айыппен істі болып, қамауға алынған.

Оппозициялық "Атажұрт" партиясының мүшесі Ахматбек Келдібеков парламент спикері болып 2010-2011 жылдары қызмет атқарған.
XS
SM
MD
LG