Accessibility links

Ресей мен Қазақстан мұнай келісіміне қол қойды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада), Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) және Беларусь президенті Александр Лукашенко Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі жиынында отыр. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Ресей мен Қазақстан бүгін Астанада 2010 жылы 9 желтоқсанда Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы экономикалық ынтымақтастық туралы екі ел арасында жасалған келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі құжатқа қол қойды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Қол қою рәсімі Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен өткен. Бірақ келісімге нақты қандай өзгерістер енгізілгені айтылмады.

Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері бүгін Астанада Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қойған.
XS
SM
MD
LG