Accessibility links

Астанада жер даулаушыларға айыппұл салынды


Жер иелерінің наразылығы. Астана, 23 мамыр 2014 жыл.

Жер иелерінің наразылығы. Астана, 23 мамыр 2014 жыл.

29 мамырда Астанадағы ауданаралық әкімшілік сот Қазақстан президенті резиденциясы маңындағы қарсылық акциясына қатысқан Сандуғаш Серікбаеваға 10 айлық есептік көрсеткіш (18 мың 520 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Астананың сегіз тұрғыны жерлерінің "мемлекет қажетіне керек" деген уәжбен алынып, үйлері сүрілгеніне наразылық ретінде 23 мамырда президент резиденциясы маңында шара өткізген еді. Олар президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестіруді талап еткен. Наразыларды полиция ұстап, алтауына сотқа шақырту берген.

Сандуғаш Серікбаеваның сөзінше, ол бүгін тағы бір әкімшілік сотқа тартылып, 5 айлық есептік көрсеткіш (9 мың 260 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге тиіс болған. Сот оны және Сәрсенгүл Әшірбекова мен Дана Кенжебекованы 27 мамырда "билік өкіліне бағынбағандары" үшін айыпты деп тапқан. Бұл азаматтар сол күні жерлерін қорғауды сұрап парламентке бара жатқанда екі рет полицияға ұсталған еді.

Астанада "мемлекет қажетіне керек" болған жер иелерінің наразылық шарасы былтырдан бері өтіп келеді.
XS
SM
MD
LG