Accessibility links

Славянскіде Украина тікұшағын атып түсірді


Славянск маңында жүрген украин әскері. Славянск, 29 мамыр 2014 жыл.

Славянск маңында жүрген украин әскері. Славянск, 29 мамыр 2014 жыл.

Украина билігі 29 мамыр күні шығыстағы Славянск қаласындағы антитеррорлық операция кезінде сепаратистердің украин әскерлері мінген тікұшақты атып түсіргенін растады. Бірақ қаза тапқандар туралы ақпараттар әртүрлі.

Украина парламенті спикері Александр Турчинов 14 адам қаза тапты дейді. Ал Украина ұлттық гвардиясы 12 жауынгер метр болғанын айтады. Украина қарулы күштерінің әскери операциялар штабының баспасөз хатшысы Владислав Селезнев "құрбан болғандар - 10 адам" деп мәлімдеді.

Қаза тапқандар арасында ұлттық гвардияның әскери және арнайы дайындық басқармасы бастығы генерал-майор Сергей Кульчицкий бар.

Украина әскері 29 мамыр күні Донецк облысы мен қаласында антитеррорлық операцияларды жалғастырған. Украина әскері сепаратистерге қарсы операция барысында Славянск және Краматорск қалалары маңында артиллерия мен авиацияны қолданып жатыр. Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Михаил Ковальдің айтуынша, қарулы күштер елдің шығысында операцияның бекітілген жоспары бойынша әрекет етіп жүр.

Александр Турчинов парламентте тікұшақ "ресейлік портативті зениттік зымыранмен атып түсірілгенін" айтты.

АҚШ президенті әкімшілігі бұл ақпараттан соң ресейшіл сепаратистердің сырттан "соңғы үлгідегі заманауи қару-жарақ алып отырғанын" мәлімдеді.

29 мамыр күні кешке PBS телеарнасынан сөйлеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Украинамен шекарадағы Ресей әскері кері қайтарылып жатқанын" айтып, бірақ "дайындықтан өткен ресейліктердің Украина аумағына еніп кетіп жатқаны алаңдататынын" мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG