Accessibility links

"Таяу Шығыс" вирусынан алғашқы адам қайтыс болды


"Таяу Шығыс респираторлық вирусының" лабораториялық микроскоппен қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).
"Таяу Шығыс респираторлық вирусының" лабораториялық микроскоппен қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).
Иранда "Таяу Шығыс респираторлық вирусын" жұқтырған алғашқы адам қайтыс болды.

Иранның IRNA агенттігінің хабарлауынша, денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мохаммад Махди қауіпті вирустан елдің оңтүстік-шығысындағы Керман қаласының тұрғыны, 53 жастағы әйелдің қайтыс болғанын растады.

28 мамыр күні Hamshahri басылымы министрлік өкіліне сілтеме жасап, Керман қаласында апалы-сіңлілі екі әйелдің "Таяу Шығыс респираторлық вирусын" жұқтырғанын хабарлаған.

Тұрғындардың вирусты қалай жұқтырғаны әзірге белгісіз.

Қауіпті індет алғаш бұдан екі жыл бұрын Сауд Арабиясында байқалған.
XS
SM
MD
LG