Accessibility links

Абхазия президенті отставкаға кетті


Абхазияның отставкаға кеткен президенті Александр Анкваб. Сухуми, 28 мамыр 2014 жыл.

Абхазияның отставкаға кеткен президенті Александр Анкваб. Сухуми, 28 мамыр 2014 жыл.

Грузиядан бөлінген жікшіл Абхазия аймағының президенті Александр Анкваб аймақта "тұрақтылықты қолдау үшін" отставкаға кететінін мәлімдеді.

31 мамыр күні Абхазия парламенті оны президент міндетін атқаруға "қабілетсіз" деп танып, 24 тамызға мерзімінен бұрын президент сайлауын белгілеген еді. Парламент спикері Валерий Бганбаға уақытша президент міндетін атқару жүктелді. Анкваб парламенттің бұл әрекетін "конституцияға қайшы" деп атады.

Қазір Александр Анкваб Абхазиядағы Ресей әскери базасын паналап отыр. Мұнда ол 31 мамыр күні аймақ орталығы Сухумиде демонстранттар өзінің отставкаға кетуін талап етіп, кеңсесін басып алған соң қашып барған.

Анкваб президент болып 2011 жылы сайланған. Абхазияның тәуелсіздігін тек Ресей мен бірнеше ел ғана мойындаған.
XS
SM
MD
LG