Accessibility links

Түркияда полиция шеруді күшпен таратты


Наразылық шерулері кезінде зардап шеккен демонстранттар. Таксим алаңы, Стамбул, 31 мамыр 2014 жыл.
Наразылық шерулері кезінде зардап шеккен демонстранттар. Таксим алаңы, Стамбул, 31 мамыр 2014 жыл.
Түркия полициясы Анкарада 1 маусым күні жүздеген шерушіні тарату үшін тағы да су мен көзден жас ағызатын газ шашты. Полиция бұдан бір жыл бұрын наразылық акциясы кезінде полиция оғынан жасөспірім қаза тапқан жерген жиналмақ болған 500-ге тарта адамды қуып таратты.

Полиция 31 мамыр күні де биліктің Таксим алаңында шеру өткізуге рұқсат бермей қойғанын елемеген наразылық танытушыларға қарсы су мен көзден жас ағызатын газ шашқан еді. Бұл күні Стамбулға шамамен 25 мыңға тарта полиция әкелінген. Анкарада да полиция мен шерушілер арасында қақтығыс болған.

Былтыр үкіметке қарсы жаппай наразылық шерулері осы Таксим алаңында өткен еді.
XS
SM
MD
LG