Accessibility links

ФИФА коррупциялық дауға қалды


ФИФА-ның бұрынғы қызметкері, Азия футбол федерациясының экс-президенті, Катар азаматы Мұхаммед бин Хаммам (оң жақта) мен Иран спорт ұйымының басшысы Әли Саидлу. Тегеран, 21 желтоқсан 2010 жыл.
ФИФА-ның бұрынғы қызметкері, Азия футбол федерациясының экс-президенті, Катар азаматы Мұхаммед бин Хаммам (оң жақта) мен Иран спорт ұйымының басшысы Әли Саидлу. Тегеран, 21 желтоқсан 2010 жыл.
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) вице-президенті Джим Бойс егер коррупциялық айыптаулар дәлелденсе, онда 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізетін елді қайта таңдауға дауыс беруді қолдайтынын мәлімдеді. Джим Бойс бұл туралы Sunday Times газетінде жарияланған мақаладан соң BBC-ге берген сұхбатында айтқан.

Sunday Times мақаласында ФИФА шенеуніктері 2010 жылы желтоқсанда дауыс беру кезінде "Катардың кандидатурасын қолдағаны үшін бес миллион АҚШ долларын алды" деп жазған. ФИФА-ның этика комитетінің басшысы Майкл Гарсиа қазір бұл айыптауды тексеріп жатыр. Ол бұған қатысты есебін биыл көрсетуден үмітті екенін білдірген.

Бұл жанжалға байланысты федерацияның бұрынғы қызметкері және Азия футбол федерациясы экс-президенті, Катар азаматы Мұхаммед бин Хаммамның есімі аталады. Ол 2022 жылы футболдан әлем чемпионатын Катарда өткізуді қолдап дауыс берулері үшін ФИФА мүшелерін сатып алған делінеді.

Бірақ ФИФА басшылары бұл айыпты жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG