Accessibility links

Қазақстанда ҰБТ басталды


Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырып шыққан түлектер. Алматы, 3 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырып шыққан түлектер. Алматы, 3 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін Қазақстанда мектеп бітірушілер үшін Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) басталды. Мектеп бітіру емтиханы мен жоғары оқу орнына түсу үшін өткізілетін сынаққа биыл 92 мыңнан астам мектеп бітіруші қатысады. Оның 63 мың 303-і тестті қазақ тілінде, 28 мың 474-і - орыс тілінде тапсырады.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, тестілеу Қазақстан бойынша 155 пунктте өткізіледі. Бірнеше күнге жалғасатын ҰБТ 9 маусым күні аяқталады.

Министрілік дерегінше, биыл ҰБТ-ға қосымша 14238 тест сұрақтары мен тапсырмалары дайындалған. Базаға жалпы саны 176 мыңнан аса сұрақ енгізілген.

Сынақ басталғанға дейін білім және ғылым министрлігі тесттен қате, я түсініксіз сұрақтар алынып тасталды деп хабарлаған еді.

Қазақстанда ҰБТ-ның енгізілгеніне биыл он жыл болды. Осы уақыттан бері бір миллион 335 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырған.
XS
SM
MD
LG