Accessibility links

«Өзін-өзі қамтығанның» сенері де өзі ғана


Шымкент базары. (Көрнекі сурет)
Шымкент базары. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның еңбекке қабілетті халқының үштен бірінің тұрақты жұмысы жоқ. Қазіргі «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» қартайғанда да қағаз жүзінде «қамтамасыз етілген» болып шығады.

Ресми статистикаға қарасаңыз, жұмысы жоқ адам жұмыссыз болып саналмауы да мүмкін. Қазақстанда көп адамның тұрақты жұмысы жоқ, кейде олардың кірісі жұмыссыздығы үшін берілетін мардымсыз жәрдемақы мөлшеріне де жетпейді. Бірақ олар халықты жұмыспен қамтудың «жоғары деңгейін» қамтамасыз етеді. Ресми статистика мұндай жандарды «өзін-өзі қамтығандар» деп атайды.
Теміржол вокзалы маңында тұрған таксистер. Алматы, 13 ақпан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Теміржол вокзалы маңында тұрған таксистер. Алматы, 13 ақпан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Өңі 50-лер шамасындағы кісі өзін Шәміл деп таныстырды. Алматыда тұратын ол Азаттық тілшісіне жұмыс таба алмай жүргеніне көп болғанын айтады. Қазір жеке меншік көлігімен кісі тасып күн көреді.

"Көріп тұрғаныңыздай, такси болып жүрмін. Күніне шамамен 4-5 мың теңге табамын, бірақ кісі тасуға күнде шыға алмаймын. Кәсіпорындарға жұмысқа алмайды. Күзет фирмасына тұрайын деп едім, ол жаққа да алмай қойды. Өз күшіңе сүйенуден басқа шара жоқ" дейді ол.

Шәміл сияқты жандар ара-тұра кездесіп қалатын жұмысты қанағат тұтқанына қарамастан, жұмыспен қамтылған халықтың санатына жатады. Сондықтан, статистика агенттігі Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін небәрі 5,1 пайыз деп бағалайтын сияқты. Агенттік есебінше, қалған адамдардың жұмысы бар. Бірақ осы «жұмысы бар адамдардың» үштен бірі - «өзіне жұмыс істейтін» жандар.

БАЛА КҮТУШІДЕН ФИРМА БАСШЫСЫНА ДЕЙІН

Әдетте дүкен немесе шеберхана сияқты өз кәсібі бар жандарды да, ұсақ-түйек жұмыспен күн көретін немесе отбасымен белгілі бір жұмысқа жалданатындарды да «өзін-өзі қамтитындар» есебіне жатқызады.

2013 жылы жарияланған «Қазақстандағы өзін өзі қамту феномені» баяндамасында экономист Айман Жүсіпова «статистика агенттігі өзін-өзі қамтитындарды санаудың әдістемесін әлі жетілдірумен келеді» деп жазады.
Айман Жүсіпова.
Айман Жүсіпова.
Ол келтірген цифрлар бойынша, 2012 жылы Алматы қаласында көтерме және бөлшек саудамен, жатын орын беру және тамақтандыру, техника жөндеу сияқты қызмет түрлерімен айналысатын, яғни «өзін-өзі қамтыған» 59 500 адам бар.

Баяндамада «Бірақ оңтүстік астанада қанша адам жеке меншік көлігімен жолаушы тасумен айналысатыны мүлде көрсетілмеген. Алматы - республиканың бүкіл аймағынан жұмыс күші ағылатын ең ірі қала екенін ескерсек, бұл цифрлар нақты жағдайды көрсетпейді. Қазақстандағы ең үлкен тұтыну базары осында орналасқан. Мысалы, Алматыда бала күтушісі болып жалданып істейтіндердің көбі өзін-өзі қамтитындар санатына жатады» деп жазылған.

ЖҰМЫССЫЗ МӘРТЕБЕСІН АЛУ ҚИЫН

«Өзін-өзі қамтитындардың» көбі тұрақсыз табысынан салық төлемейді, зейнетақы жарнасын аудармайды. Қағаз жүзінде жұмысы барлар қатарына тіркелгендердің келешектегі кәрілігі де іс жүзінде емес, қағаз жүзінде түрде қамтамасыз етіледі.

«Өзін-өзі қамтитын» жандар Қазақстанда жұмыссыздарға берілетін мардымсыз жеңілдіктерді де ала алмайды. Мысалы, жұмыссыздығы үшін берілетін ең көбі 20 мың теңгеге де жетпейтін жәрдемақы «өзін-өзі қамтығандарға» берілмейді. Олар жұмыс іздегенде жұмыспен қамту ведомстволарынан көмек күтпейді.

Алматы тұрғыны, екінші топ мүгедегі Ғалия Тобатаева жуырда осындай жағдайға тап болған. Ол Азаттық тілшісіне:
Жұмыссыз азаматтар вакансия жәрмеңкесінде кезекте тұр. Атырау, 3 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Жұмыссыз азаматтар вакансия жәрмеңкесінде кезекте тұр. Атырау, 3 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
"Жұмыс тауып беруге көмектесер деп Әуезов аудандық жұмыспен қамту бөліміне өтініш жолдадым. Бірақ ондағылар «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сілтеме жасап, «мүгедектердің қоғамдық бірлестігін басқаратындықтан, өзін өзі қамтитындар санатына жатасыз» дейді. Олар хатында мені «жұмыссыз ретінде есепке алып, қоғамдық жұмысқа жібере алмаймыз» деп жазған" дейді.

Ғалия Тобатаева «дені сау адамдардың арасында да жұмыссыздық көп» дейді. Бірақ ол соған қарамастан, билік бұл мәселеге деген қазіргі көзқарасын өзгертеді деп үміттенеді.

Ал елдегі еңбек нарығында түрлі салаларда кәсіби мамандар тапшылығы сезіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтында ғана бос жұмыс орны туралы 36 мың хабарландыру жарияланған. Мысалы, Павлодар облысындағы Екібастұз ГРЭС-1 компаниясы - гидротехник, «Mega Center Алматы» компаниясы электрик және көгалдандыру маманын іздейді. Ресми сайттағы хабарландыруларға қарағанда, түрлі кәсіпорындарға дәрігер- терапевт, наубайшы, бухгалтер, тіпті күзетші сияқты қарапайым мамандар қажет.
XS
SM
MD
LG