Accessibility links

Луганскіде шекарашылар мен сепаратистер шайқасып жатыр


Луганск маңындағы ұрыста өртенген украиналық әскери техника. 29 мамыр 2014 жыл.
Луганск маңындағы ұрыста өртенген украиналық әскери техника. 29 мамыр 2014 жыл.
Украина шекара қызметі Луганскідегі әскери бөліміне бүлікшілер шабуыл жасап, бірнеше шекарашы жараланғанын хабарлады.

Мемлекеттік шекара қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, 2 маусым күні таңертең жүзге жуық қарулы сепаратист Луганскідегі шекара күзетінің әскери бөліміне шабуыл жасаған. Бұдан соң екі жақ арасында атыс басталып, шекарашыларға әскери ұшақ көмекке барған.

Қазір шабуылдаушы бүлікшілердің саны 500-ге дейін көбейіп, қарулы қақтығыс жалғасып жатқаны айтылады.

Өткен айдың соңында ресейшіл сепаратистер Донецк әуежайын басып алмақ болып, шығынға ұшыраған еді. Славянскіде украиналық тікұшақ атып түсірілгеннен кейін украин әскері мен сепаратистер арасындағы қақтығыстар ушыға түскен.
XS
SM
MD
LG