Accessibility links

Ресейде құлаған тікұшақтағы 12 адамның денесі табылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресейдің Мурманск облысында көлге құлаған тікұшақ орнынан қаза тапқан 12 адамның сүйегі шығарылды. Олардың тоғызы кімнің денелері екені танылған. Құқық қорғау орындарының хабарлауынша, қаза тапқандар арасында Мурманск облысы губернаторының орынбасары Сергей Скоморохов та бар.

Бортында 18 адамы бар тікұшақ 31 мамыр күні апатқа ұшыраған еді. Апаттан екі адам ғана аман қалып, ауруханаға түскен. Қаза тапқандар арасында облыстың экология министрі Алексей Смирнов пен облыстың өзге де бірнеше шенеунігі бар.

Қазір апат бойынша қылмыстық іс қозғалған. Апатқа басты себептердің бірі ретінде тікұшақтан шыққан ақау мен ауа-райының қолайсыздығы аталады.

Мурманскіде 2 маусым қаралы күн деп жарияланды.
XS
SM
MD
LG