Accessibility links

Абхазия премьері отставкаға кетті


Абхазиядағы наразылық шеруі. Сухуми, 2014 мамыр 2014 жыл.

Абхазиядағы наразылық шеруі. Сухуми, 2014 мамыр 2014 жыл.

Грузиядан өзін-өзі тәуелсіз деп жариялаған Абхазия аймағының премьер-министрі Леонид Лакербея отставкаға кетті деп хабарлады парламент спикері әрі президент міндетін атқарушы Валерий Бганба.

Өткен аптада Абхазия оппозициясы премьердің отставкаға кетуін талап еткен. Оппозицияны парламент жақтап, премьерге сенімсіздік вотумын жариялаған. Бірақ Лакербая өз қызметінен тек президент Александр Анкваб 1 маусымда отставкаға кеткен соң ғана бас тартқан.

Бұған дейін парламент президентті өз міндетін атқара алмайды деп жариялап, 24 тамызға мерзімінен бұрын президент сайлауын белгілеген.

Наразылар 27 мамырда аймақ орталығы Сухумиде президент кеңсесін басып алып, Абхазияда уақытша басқару енгізетінін хабарлаған. Шерушілер президенттің отставкаға кетуін және елде билік жүйесін реформалауды талап еткен.

Леонид Лакербея Абхазия премьері қызметін 2011 жылдан бері атқарып келген. Енді оның міндетін вице-премьер, қаржы министрі Владимир Делба орындамақ.
XS
SM
MD
LG