Accessibility links

Испания королі тағын мұрагеріне бермек


Испания королі бірінші Хуан Карлос.
Испания королі бірінші Хуан Карлос.
Испания королі бірінші Хуан Карлос мұрагері - ұлын таққа отырғызу үшін биліктен бас тартты.

Бұл туралы хабарлаған Испания премьер-министрі Мариано Рахой 40 жылға жуық тақта отырған 76 жастағы король жеке себептермен орнынан түсетінін айтты.

"Мәртебелі король Хуан Карлос маған өзінің тақтан бас тартатыны туралы хабарлады. Мен қазір билік ауысуға тамаша кезең туды деп сенемін" делінген Рахойдың хабарламасында.

1970 жылдары генерал Франконың диктатурасынан соң Испанияның демократияға жайлап өтуіне септесіп, танымал болған король бірінші Хуан Карлостың абырой-беделіне Кристина ханшайым тап болған коррупциялық жанжал көлеңке түсірді.

Бұған қоса қарт корольдің денсаулығы да сыр бере бастаған еді. Соңғы бірнеше жылда ол қабырғасына әлденеше рет операция жасатқан.
XS
SM
MD
LG