Accessibility links

НАТО Шығыс Еуропада әскер ұстау жайын қарастырмақ


НАТО туы. (Көрнекі сурет)

НАТО туы. (Көрнекі сурет)

НАТО-ның жоғары шенді өкілі альянсқа мүше 28 елдің қорғаныс министрлері 3-4 маусымда Брюссельдегі жиында Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне байланысты Шығыс Еуропа елдерінде тұрақты әскер ұстау жайын қарастыратынын айтты.

Министрлер жиында НАТО-ның Ресеймен 1997 жылы жасасқан келісімін қайта қарамақ. Ол келісім бойынша НАТО альянсқа мүше Шығыс Еуропа елдерінде "қосымша тұрақты әскери күш ұстаудан" бас тарта тұратын болған.

Ресей наурыз айында Қырымды аннексиялап алған соң НАТО құрамына кірген Шығыс Еуропадағы постсоветтік кейбір елдер қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылық білдіре бастаған еді.

Шығыс Еуропада әскер ұстау туралы қандай да бір шешім НАТО-ға мүше елдер басшыларының қыркүйекте Уэльсте өтетін саммитінде қабылданбақ.
XS
SM
MD
LG