Accessibility links

Сирияда президент сайлауы өтеді


Сирия президенті Башар Асад.

Сирия президенті Башар Асад.

Бүгін Сирияда президент сайлауына дауыс беру өтеді.

Сирияда соңғы 50 жылға жуық уақыттан бері сайлау шартты болса да бірінші рет өтейін деп тұр. Бұған дейін Башар Асад пен оның әкесі Хафез Асад президенттік өкілеттіктерін референдумдар арқылы ұзартып келген еді.

Сайлауда қазіргі президент Башар Асад жеңіске жетеді деген болжам басым. Оған қарсылас ретінде сайлауға түсетін үміткерлер Махер әл-Хажжад пен Хасан әл-Нуриді көп ешкім танымайды.

Бірақ сайлау тек үкімет әскері бақылауында ұстап отырған аймақтарда ғана өтеді және оған Башар Асадқа қарсы соғысып жатқандар қатыстырылмайды.

Сайлауға Башар Асад билігін қолдайтын Солтүстік Корея, Иран және Ресей өкілдері ғана бақылау жасамақ. АҚШ Сириядағы сайлауды "демократияны келемеждеу" деп атады.

Сирияда азамат соғысы басталған үш жылда 160 мыңнан астам адам құрбан болған.
XS
SM
MD
LG