Accessibility links

Краматорскіде сепаратистермен ұрыс жүріп жатыр


Ресейшіл сепаратист Украина шекара қызметінің бөлімшесі маңындағы ұрыс кезінде. Луганск, 2 маусым 2014 жыл.

Ресейшіл сепаратист Украина шекара қызметінің бөлімшесі маңындағы ұрыс кезінде. Луганск, 2 маусым 2014 жыл.

Донецк облысының Краматорск қаласында аэродром маңында украин әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындар артиллериялық снарядтардың жарылысы мен оқ атқан пулемет дыбысы естіліп жатқанын айтады. Куәгерлердің сөзінше, украин әскерилері тұрғын үйлердің жанында орналасқан сепаратистердің болкпосттарын атқылап жатыр.

Ресейдің ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, қала маңындағы Ясногорка селосында да ұрыс жүріп жатыр. Бұған дейін қақтығыстарда үш адам қаза тапқаны хабарланған еді.

2 маусым күні Луганскіде облыстық әкімшілік ғимаратында жарылыс болып, жеті адам қаза тапқан. Сепаратистер облыстық әкімшілікке украин әскери әуе күштері әуеден соққы берді дейді. Бірақ Украина ішкі істер министрлігі оны жоққа шығарып, облыстық әкімшіліктегі жарылыс сепаратистер зениттік кешеннен ұшақты атып түсірмек болып, зымыранды ғимаратқа қарай бағыттап жіберген қателігінен болды дейді.

Дүйсенбі күні таңертең бірнеше жүз сепаратист Луганск маңындағы шекара қызметінің әскери бөліміне шабуыл жасап, екі жақ арасында 20 сағатқа созылған ұрыс болған. Қақтығыстардан бес сепаратист оққа ұшқан. Екі жақтан да жараланғандар бар.
XS
SM
MD
LG