Accessibility links

ҰБТ-ның бірінші күні түлектердің 23.8 пайызы аз балл алды


"Вконтакте" әлеуметтік желісіне жарияланған 2014 жылғы ҰБТ тапсырмалары

"Вконтакте" әлеуметтік желісіне жарияланған 2014 жылғы ҰБТ тапсырмалары

Мектеп бітірушілерге арналған Ұлттық бірыңғай тесттің (ҰБТ) алғашқы күні сынақ тапсырғандардың ширек бөлігіне жуығы шектік ең төменгі межеге жете алмаған.

Білім және ғылым министрлігінің 3 маусым күні хабарлауынша, ҰБТ-ның алғашқы күні тізімдегі 27 мың 670 түлектің 26 мың 134-і (94.5 пайызы) сынақ тапсырған.

Алғашқы күнгі сынақ тапсырғандардың 3 мың 797-сі (14.5 пайызы) 100-ден жоғары балл жинаған. 6 мың 233 адамның білім көрсеткіші 50 баллдан аспаған.

Ең жоғарғы 125 баллды Алматы қаласындағы №178 лицейдің түлегі Айғаным Әбдіжапар жинаған.

ҰБТ-ның алғашқы күні-ақ тест тапсырмалары заңсыз түрде әлеуметтік желілерде, интернетте жариялана бастады. Тапсырмалардың көбі ұялы телефонға суретке түсірілген.

Қазақстанда биыл ҰБТ 9 маусымға дейін созылады.
XS
SM
MD
LG