Accessibility links

Испаниядағы монархияға қарсылық шеруі


Испания королі Хуан Карлостың тақтан бас тартқаны туралы жаңалықтан кейін Мадридтің орталығына жиналғандар елде монархиялық жүйе туралы референдум өткізуді талап етті. 1970 жылдары генерал Франконың диктатурасынан соң Испанияның демократияға жайлап өтуіне септесіп, танымал болған корольдің абырой-беделіне қызы Кристина ханшайым тап болған коррупциялық жанжал көлеңке түсірді. Қазір ханшайым мен оның жұбайы коррупция ісіне қатысты тергеліп жатыр. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, Испания жұрты 40 жылға жуық тақта отырған король Хуан Карлостың лайықты мұрагері ретінде Фелипе ханзаданы атап отыр.

XS
SM
MD
LG