Accessibility links

Порошенконы ұлықтау 7 маусымда өтеді


Украинаның жаңа сайланған президенті Петр Порошенко.
Украинаның жаңа сайланған президенті Петр Порошенко.
Украина парламенті - Жоғарғы Рада жаңадан сайланған ел президенті Петр Порошенконы ұлықтау салтанатын маусымның 7-іне белгіледі.

Парламент жиынына қатысқан 347 депутаттың 300-і осы шешімді қолдап дауыс берді.

25 мамыр күні өткен кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Порошенко парламент отырысында ант қабылдайды.

Украинадағы кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті ресми қорытындысы 2 маусым күні жарияланған. Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 54.7 пайызы Порошенкоға қолдау білдірген. Оның басты қарсыласы болған экс-премьер Юлия Тимошенкоға сайлаушылардың 13 пайызға жуығы дауыс берген.

Бұған дейін Вашингтон Порошенконы ұлықтау салтанатына АҚШ вице-президенті Джо Байденнің баратынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG