Accessibility links

Египет сайлауында әл-Сисидің жеңгені хабарланды


Абдел Фаттах әл-Сисидің жақтастары Каирдегі Тахрир алаңында. Египет, 27 мамыр 2014 жыл.
Абдел Фаттах әл-Сисидің жақтастары Каирдегі Тахрир алаңында. Египет, 27 мамыр 2014 жыл.
Египеттің сайлау комиссиясы президент сайлауында бұрынғы армия қолбасшысы, генерал Абдел Фаттах әл-Сисидің жеңіске жеткенін хабарлады. Ресми дерек бойынша, әл-Сиси барлық берілген дауыстың 96.91 пайызын иеленген. Дауыс беру құқығы бар 54 миллионға жуық сайлаушының 47 пайызы ғана сайлауға қатысқан.

Бұрынғы президент Мұхаммед Мурси жеңіске жеткен 2012 жылғы сайлауда дауыс беру құқығы бар азаматтардың 52 пайызы сайлауға қатысқан еді. Алғаш рет демократиялық жолмен сайланған Мурсиді былтыр жазда жаппай халық толқуларынан соң Абдел Фаттах әл-Сиси бастаған әскерилер биліктен кетірген.

Мұхаммед Мурсидің "Мұсылман бауырлар" қозғалысына тыйым салынып, жүздеген мүшесі түрмеге жабылды. Қозғалыс жақтастарын бұл сайлауға бойкот жариялауға шақырған.

Сайлау әуелде 26-27 мамыр күндеріне белгіленген еді. Бірақ сайлаушылар белсенділігінің төмендігіне байланысты дауыс беру тағы бір күнге - 28 мамырға дейін ұзартылған.
XS
SM
MD
LG