Accessibility links

Денис Тен шоуының олимпиадалық энергиясы


Денис Тен шоуды ашып тұр. Алматы, 30 мамыр 2014 жыл.
Денис Тен шоуды ашып тұр. Алматы, 30 мамыр 2014 жыл.

Қазақстан спорты тарихындағы зор табысқа жеткен мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің Қазақстанда өткен әсерлі шоуына әлем жұлдыздары екінші жыл қатысты.

Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 жылы өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Жетінші Азиада ойындарының чемпионы, үш дүркін Қазақстан чемпионы Денис Тен Астана мен Алматы қалаларында «Денис Тен және оның достары. Олимпиада энергиясы» деген шоу өткізді.

ҮШ ҚҰРЛЫҚТАН ЖИНАЛҒАН ДОСТАР

Мұз айдынындағы шоуға қатысу үшін келген мәнерлеп сырғанаушылар арасында Солтүстік Америка, Еуропа және Азия спортшылары болды. Шоуға алты бірдей олимпиада чемпионы келді. Олар – америкалық спортшы Эван Лайсачек, ресейлік Алексей Ягудин, Татьяна Волосожар және Максим Траньков, Татьяна Тотьмянина және Максим Маринин.

«Денис Тен және оның достары. Олимпиада энергиясы» шоуына қатысқан спортшылар.
«Денис Тен және оның достары. Олимпиада энергиясы» шоуына қатысқан спортшылар.
Еуропадан италиялық спортшы Каролина Костнер, француз Бриан Жубер мен Натали Пешала және Фабиан Бурза, швейцариялық Стефан Ламбьель қатысты. Канададан - Джоанни Рошет пен Элладж Балде, АҚШ-тан Гев Манукян мен Мираи Нагасу, Жапониядан Мао Асада мен Дайсуке Такахаси келді.

Қазақстандағы Теміртау қаласының тумасы Гев Манукянды мәнерлеп сырғанаушыдан гөрі биші деуге болады. Ол – АҚШ-та танымал So You Think You Can Dance би шоуының финалисі.

Екі дүркін олимпиада чемпиондары ресейлік Татьяна Волосожар мен Максим Траньковтің пікірінше, Денис Тен шынымен қайталанбас шоу ұйымдастырған.

- Таня екеуміз көп шоуға қатысып жүрміз. Бірақ Қазақстанға келген мәнерлеп сырғанау жұлдыздарынан көз сүрінеді. Керемет шоу болды. Әдетте мұндай шоуға екі-үш жұлдыз ғана қатысатын. Ал Денистің шоуына жұлдыздардың бәрі келді. Мұндай ортада өнер көрсетудің өзі бір ғанибет, - дейді Максим Траньков Азаттық тілшісіне.

Ал Денис Теннің айтуынша, бұл шоуды ұйымдастыруға достық қарым-қатынастарының көмегі көп тиген. Ол «қатысушылардың барлығын өзім шақырдым» дейді.

Ресейлік олимпиада чемпиондары , Татьяна Волосожар және Максим Траньков. Алматы, 30 мамыр 2014 жыл.
Ресейлік олимпиада чемпиондары , Татьяна Волосожар және Максим Траньков. Алматы, 30 мамыр 2014 жыл.
Шоу финалында барлық қатысушылар мұз айдынына арнайы тігілген қазақтың ұлттық киімдерін киіп шықты. Мәнерлеп сырғанаушы ерлер тобы қазақ әуені ырғағымен атпен шауып келе жатқан көшпендіні бейнелеп биледі. Бұл арнайы тігілген қазақ костюмдері оларды киген спортшыларға сыйлық ретінде берілді.

- Әдетте әлемдік шоуларда мұндайды көрмейсің. Бұл жағынан біз өте жомартпыз. Былтыр да, биыл да осындай сый жасадық. Қытайдағы Cup of China жарысында Каролина Костнер былтырғы шоудан қалған қазақ көйлегімен өнер көрсетті, - дейді ​Денис Тен Азаттық тілшісіне.

УКРАИНАЛЫҚ АКРОБАТТЫҢ ОРЫНДАУЫНДАҒЫ ДЕСАНТ

Көрермендерге Ресей десантшысы мен Голливудтың Супермен кейіпкері арасындағы жекпе-жек бейнеленген нөмір қатты әсер етті. Оны украиналық акробаттар Владимир Беседин мен Алексей Полищук орындады.

Десантшы ресейлік «Любэ» тобының «Не валяй дурака, Америка!» әні
Украиналық акробаттар мұз айдынында Супермен (Алексей Полищук) мен ресейлік десант (Владимир Беседин) жекпе-жегін көрсетті.
Украиналық акробаттар мұз айдынында Супермен (Алексей Полищук) мен ресейлік десант (Владимир Беседин) жекпе-жегін көрсетті.
фонограммасы аясында биледі. Ал Супермен немістің «Snap!» тобының 1990 жылдары хитқа айналған әнінің ырғағымен қозғалды. Жергілікті көрермен күткендей, жекпе-жек «ресейлік десанттың» жеңісімен аяқталды.

Владимир Бесединнің айтуынша, бұл нөмірді жасау идеясы 2013 жылы жазда Италияға гастрольдік сапармен барған кезде туған.

- Бұл нөмірде ешқандай саясат жоқ, бірақ қазір ол аяқ астынан өзекті болып шыға келді, - дейді Владимир Беседин Азаттық тілшісіне.

ТРИБУНА

Көрермендер арасында шетелдіктер көп болды. Денис Теннің айтуынша, шетелден 300 адам келген. Жапониядан келген 70 адамның ішінде мүгедек арбамен жүрген қарт әйел де болды. Француз мәнерлеп сырғанаушылары өнер көрсеткен кезде көрермен әйелдердің бірі сөмкесінен Францияның туын шығарып, аз уақыт ұстап тұрды.

Қырғызстаннан келген үлкен топтың (60 адам) дені 5-16 жастағы балалар болды. Олар Қырғызстанның коньки спорты федерациясы ұйымдастыруымен келгенін Азаттық тілшісіне федерацияның вице-президенті Елена Швеймер айтып берді.

Шоуды көруге Жапониядан келген көрермен.
Шоуды көруге Жапониядан келген көрермен.
Қарағандылық Елена Швеймер көрші мемлекетте келісім-шарт бойынша жұмыс істейді.

Биыл билет бағасы былтырға қарағанда қымбат болғанына қарамастан, үш қойылым кезінде де трибуналар көрерменге лық толы болды.

2013 жылы 4 мың теңгеден аспаған билет бағасы бұл жолы 25 мың теңгеге дейін жетті. Азаттық тілшісімен әңгімелескен бір көрермен әйел: «5 мың теңгеге қолдан алған билетте баға 2500 теңге деп көрсетілген» деп қынжылды.

ВИДЕО: Денис Теннің шоуынан көрініс
Денис Теннің өнері
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG