Accessibility links

Обама Варшавада Порошенкомен кездесті


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенко. Варшава, 4 маусым 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенко. Варшава, 4 маусым 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама 4 маусым күні Варшавада Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенкомен кездесті. Кездесуде не айтылғаны туралы әзірге хабарланған жоқ.

3 маусым күні Варшаваға барған Обама Еуропаға уақытша жіберілетін америкалық әскер санын көбейту үшін 1 миллиард АҚШ долларын бөлуге уәде берген.

НАТО Ресейді "Украинаның шығысындағы тәртіпсіздіктерге дем беріп отыр" деп айыптайды.

НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен 3 маусым күні Брюссельде альянс таяуда Украина армиясын модернизациялау және реформалауға көмек көрсету туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеген.

НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерімен кездескен Андерс фог Расмуссен одақтас елдерді Украинадағы дағдарысқа байланысты қорғаныс бюджетін көбейтуге шақырған.
XS
SM
MD
LG