Accessibility links

Литва 2015 жылдан бастап еуроны қолданады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Еуропа комиссиясы Литваның 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап еуроны қолданысқа енгізуін мақұлдады. Бұл туралы хабарлаған Еуропа Одағының экономикалық мәселелер бойынша комиссары Олли Рен "Литваның еуроны енгізуге дайын болуы - оның экономикалық реформалары мен қаржылық саясатының ұзақ мерзімділігі мен ұқыптылығының нәтижесі" деді.

Литва премьер-миинстрі Алгидрас Буткевичустың айтуынша, Литва еуроны қабылдау арқылы "экономикалық, қаржылық және саяси қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді"

Еуроны қазір Еуропа Одағына мүше 27 мемлекеттің 18-і қолданады. Балтық бойындағы қалған екі ел - Латвия мен Эстония еуроны қолданысқа енгізіп қойған. Еуропа Одағының өзге тоғыз мүшесі өз ұлттық валютасын қолданады.
XS
SM
MD
LG