Accessibility links

Башар Асад Сирия президенті болып қайта сайланды


Сирия президенті Башар Асад.
Сирия президенті Башар Асад.
Сирия парламенті спикері қазіргі президент Башар Асадтың 3 маусымда өткен дауыс беруде сайлаушылардың 89 пайыз даусын жинағанын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 73 пайызы қатысқан.

Президент сайлауына дауыс беру тек үкімет әскерінің бақылауындағы аймақтарда ғана өтті. Оппозиция елде азаматтық соғыc жүріп жатқан мезгілде ұйымдастырылған сайлауды "фарс" деп атады. Бірқатар батыс елдері, оның ішінде АҚШ сайлауды сынады.

Кейбір сарапшылар қайта сайлану Асадтың ықпалын күшейте түседі, ал сайлау оның биліктен бас тарту ниеті жоғын көрсетеді дейді.
XS
SM
MD
LG