Accessibility links

Шыңжаңда 29 адам сепаратизм айыбымен ұсталды


Тяньаньмэнь алаңын бақылап тұрған қытай полицейлері. Пекин, 4 маусым 2014 жыл.

Тяньаньмэнь алаңын бақылап тұрған қытай полицейлері. Пекин, 4 маусым 2014 жыл.

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында антитеррористік шаралар барысында 29 адам ұсталған деп хабарлады 5 маусым күні Xinjiang Online ақпарат агенттігі.

Агенттік ақпараты бойынша, бұл адамдар "сепаратизмге айдап салды", "әлеуметтік тұрақсыздық орнату әрекеттерін ұйымдастырмақ болды" деген айыптармен ұсталған.

Сәуір айының соңынан бері Шыңжаң аймағында бірнеше шабуыл жасалып, ондаған адам мерт болған еді. Ресми Пекин негізінен этникалық мұсылман ұйғырлар тұратын бұл аймақтағы зорлық-зомбылықтарға исламшылар мен жергілікті сепаратистерді айыптайды.

Қытай билігін сынайтындар "тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылыққа ұйғырлардың қудалануы мен аймақтың экономикалық дамуының төмендігі себеп болған" дейді. Ұйғыр белсенділері тәртіпсіздіктерге Шыңжаңға Қытайдың ішкері аймақтарынан қытайлықтардың жаппай қоныстандырылуы мен орталық биліктің ұйғырларды кемсітуі себеп болып отыр дейді.
XS
SM
MD
LG