Accessibility links

RWB Украинадағы журналистерді қорғауға шақырды


"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымы белгісі.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымы белгісі.

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders немесе RWB) халықаралық ұйымы Украинаның шығысы мен Ресейге қосылған Қырым түбегінде журналистердің жоғалуы мен ұрлануы тоқтамай тұрғанына алаңдаушылық білдірді.

Құқық қорғаушылар Ресей мен Украина билігін және Украинаның шығысында әрекет ететін сепаратистік топтарды қандай ақпарат тарататынына қарамастан БАҚ қызметкерлері мен журналистердің құқықтарын қорғауға шақырды.

Ұйым хабарламасында журналистерге бірнеше шабуыл жасалғанын, оның ішінде 2 маусым күні Симферопольде "Қырымның өзін-өзі қорғау отряды" өкілдерінің тәуелсіз "Журналистік зерттеу орталығы" қызметкерлері Сергей Мокрушина мен Владлен Мельниковтың ұсталғанын айтады. Отряд өкілдері оларды соққыға жығып, телефондарын тартып алған. Кейін бүлікшілер штабына полиция келіп, журналистерді бөлімшеге алып кеткен. Біраз тергегеннен кейін оларды босатып жіберген.

2 маусым күні Донецкіде Майданға қарсы белсенділер "Донбасс" басылымының қызметкері Александр Бриж бен "Вечерний Донецк" газетінің тілшісі Леонид Лапаны ұстап, кейін босатқан. Журналистер сепаратистер өздерінен редакция саясатын өзгертуге ықпал етуді талап еткенін айтады.

10 мамыр күні жоғалған украиналық журналист Артем Ларионовтың тағдыры да әлі белгісіз қалып отыр. Таныстары соңғы рет оны Славянск мен Краматорск арасындағы блокпосттан көргендерін айтады.
XS
SM
MD
LG