Accessibility links

Украина парламенті Кличконың мандатын тоқтатты


Киев мэрі болып сайланған Виталий Кличко. 1 маусым 2014 жыл.

Киев мэрі болып сайланған Виталий Кличко. 1 маусым 2014 жыл.

Украина парламенті - Жоғарғы Рада УДАР партиясы жетекшісі Виталий Кличконың Киев мэрі болып сайлануына байланысты оның депутаттық мандатын тоқтату туралы шешім шығарды.

Кличконың мандатын тоқтатуды қолдап 255 депутат дауыс берген.

25 мамыр күні президент сайлауымен қоса Киевте мэр сайлауы өткен еді. 3 маусым күні Киевтің сайлау комиссиясы осы қызметке сайлауға түскен кандидат Виталий Кличконың жеңіске жеткенін жариялаған.

Ресми мәлімет бойынша, Кличконы дауыс берген сайлаушылардың 57 пайызы қолдаған.
XS
SM
MD
LG