Accessibility links

ОПШ: Інжіл өзбек тіліне аударылып жатыр


Інжіл кітабы. (Көрнекі сурет)
Інжіл кітабы. (Көрнекі сурет)
Ресейдің Орыс православие шіркеуі (ОПШ) басшылары Інжілді өзбек тіліне аударып жатқанын хабарлады.

5 маусым күні Мәскеудегі Епархиялық кеңес жанындағы миссионерлік комиссия басшылары діни кітап Стокгольмдегі Інжілді аударатын орталықтың көмегімен өзбек тіліне аударылып жатқанын айтты.

Миссионерлік комиссия басшысы Дмитрий әкей қаңтар айында "Ресей үкіметі Інжілді Орталық Азия халықтарының тілдеріне аудару жобасына қолдау көрсетуі тиіс" деген еді. Діндар бұл жобаны Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан шыққан жүз мыңдаған мигранттың "Ресей қоғамына кірігуін жеңілдетудің бір жолы" деп атаған.

Миссионерлік комиссияның Ресей федералдық миграция қызметімен бірге жұмыс істесіп келе жатқанына екі жыл болды. Комиссия орыс мәдениеті, заңнамасы мен тарихы бойынша дәрістер дайындауға қатысқан.
XS
SM
MD
LG