Accessibility links

Жарылқап Қалыбайды сотқа берді


Жарылқап Қалыбайды сотқа берді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:42 0:00
Жүктеп алу

Алматы қаласындағы Алмалы аудандық 2-сотында «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналының үстінен «Ұлы Отан соғысының 10 ардагерінің» атынан түскен талап-арыз қаралды. 10 адамның атынан сенімхат арқылы арыз түсірген - Нұртас Ахметов. Ол журналдың бас редакторы Жарылқап Қалыбайдан «2014 жылғы сәуірдегі нөмірінде Адольф Гитлерді жағымды тұлға, тіпті өз заманының қаһарманы ретінде көрсеткені үшін көпшілік алдында кешірім сұрауын, моральдық зиян келтіргені үшін 10 адамның әрқайсысына 5 миллион теңгеден өтемақы төлеуін» талап еткен. Судья Әсет Боранбаев екі тарапты тыңдап, талап-арыз берушіге дәлел әкелуді тапсырып, істі маусымның 18-інде жалғастыру жөнінде шешім қабылдады. Алматы, 5 маусым 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG