Accessibility links

Шымкентте нан қымбаттады


Шымкенттегі "Алаш" базары. 6 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Шымкенттегі "Алаш" базары. 6 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында нан 10-15 теңгеге қымбаттап, қазір 45-50 теңгеден сатылып жатыр.

Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың Азаттыққа айтуынша, бұған "ұн қымбаттауы мүмкін" деген қауесетті қоздырған жергілікті наубайханалар себепкер болған. Ол үкімет қорынан облысқа айына 13 мың тонна бидай бөлініп, тасымалданып жатқанын айтады.

Биыл ақпан айында болған девальвациядан кейін соң билік орындары азық-түліктің бағасы көтерілмейді деп сендіргенімен Шымкентте одан бері тамақ бірнеше рет қымбаттаған. Бағаны ұстап тұру мақсатында облыстық әкімдік құрған тұрақтандыру қоры да қымбатшылыққа әсер ете алмаған.
  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG