Accessibility links

Femen белсендісі Путиннің мүсінін зақымдады


Femen белсендісі зақымдаған Владимир Путиннің балауыздан жасалған мүсіні. Париж, Гревен мұражайы, 5 маусым 2014 жыл.

Femen белсендісі зақымдаған Владимир Путиннің балауыздан жасалған мүсіні. Париж, Гревен мұражайы, 5 маусым 2014 жыл.

Femen тобының белсендісі Париждің Гревен мұражайында тұрған Ресей президенті Владимир Путиннің балауыздан жасалған мүсінін зақымдады.

Бірқатар ақпараттарға қарағанда, 5 маусымда мұражайға кірген жартылай жалаңаштанған әйел "Путин - диктатор!" деп айқайлап, мүсінге темір істікті қадаған соң мүсіннің кеуде тұсына қызыл бояумен "Путин өлтірілсін" деп жазған. Белсенді ұсталды. Мұражай әкімшілігі белсендінің бұл әрекетін "азғындаудың көрінісі" деп айыптады.

Ресей президенті Владимир Путин 6 маусымда Нормандияға екінші дүниежүзілік соғыс кезінде одақтастар әскері түсірілгеніне 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараларға қатысар алдында Франция президенті Франсуа Олландпен кездесуі тиіс.
XS
SM
MD
LG