Accessibility links

Славянскідегі қазіргі ахуал


Тұрғындар "балабақшалардың жабылып қалғанын, дүкендердегі азық-түлік таусылғанын, тамақтанудың қиындағанын» айтады. Қалада ауыз су тапшылығы біліне бастаған. Ауруханаларда жаралылар көп. Киев 130 мың тұрғыны бар Славянск қаласына бекінген ресейшіл сепаратистердің қарсылығын тойтара алмай отыр. Соңғы тәулікте қала орталығында жүргізілген антитеррорлық операциядан «300-дей сепаратист қаза тапты» деп хабарланды. Ресейшілдер керісінше, «үкімет әскерінің шығыны көп» дейді. Көтерілісші 6 маусым күні Украина әскерінің екі рет шабуылға шыққанын, бірақ екі жолы да сепаратистердің позицияларын қорғап қалғанын айтады.

XS
SM
MD
LG