Accessibility links

Порошенко: Дағдарысты үш айда реттеу жоспарым бар


Украинаның жаңа сайланған президенті Петр Порошенко. Варшава, 4 маусым 2014 жыл.

Украинаның жаңа сайланған президенті Петр Порошенко. Варшава, 4 маусым 2014 жыл.

Украинаның жаңа сайланған президенті Петр Порошенко 7 маусымда инаугурациясы өткен соң елдің шығысындағы жағдайды реттеу жоспарын жарияламақ.

Украиналық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Порошенконың дағдарысты реттеу жоспары үш айға құрылған және ол елдің ішінде диалог жүргізу, халықаралық диалог өткізу және Ресеймен келіссөздер өткізуден тұрады. Бұған дейін Порошенко елде кең ауқымда рақымшылық жариялау, жергілікті кеңестерге кезектен тыс сайлау өткізу және билікті орталықсыздандыру жоспары барын мәлімдеген. Ол билікті орталықсыздандыру процесін "польшалық үлгімен жүргізіп", жергілікті аймақтарға нақты билік өкілетін беруді ұсынған.

Украинадағы жағдайды реттеудің кейбір түйткілдерін Порошенко 4 маусымда Варшавада АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуінде талқылаған.

Бүгін, 6 маусымда Порошенко Францияға екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Нормандияға одақтастар әскерінің түсірілгеніне 70 жыл толуына орай өтетін шараларға қатысуға барды. Мұнда ол батыс елдерінің басшыларымен кездеспек. Ресми жоспары болмаса да, Порошенконың Ресей президенті Владимир Путинмен де кездесуі ықтимал.
XS
SM
MD
LG