Accessibility links

Ташкент: Мекемелер отандық e-mail қолдансын


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Өзбекстан үкіметі мемлекеттік органдарды umail.uz деп аталатын өзбекстандық ресми электрондық пошта жүйесіне (e-mail) көшіруді бастады.

Өзбекстан үкіметіндегі аты-жөнін атамаған дереккөзінің Азаттыққа хабарлауынша, үкімет 4 маусымда жиын өткізіп, отандық электрондық желіге қосылуды жеделдетуге шешім қабылдаған.

Үкімет бұл қадамын отандық интернет жүйесін дамыту және мемлекеттік органдар арасындағы байланысты үйлестіру жұмыстарының бір бөлігі санайды.

Билік барлық мемлекеттік органдар мен мекемелерге аккаунттарын umail.uz веб-сайтында ашып, барлық ресми электрондық хаттарды осы сайтта жазуға тапсырған.

Umail.uz сайты 2013 жылдың сәуірінде құрылған. Бірақ содан бері онда тек 55 мың аккаунт қана ашылған.

Өзбекстанның білім министрлігі барлық университеттер мен колледждерге маусымның 15-іне дейін осы сайтта хат жазыса бастауды міндеттеген.
XS
SM
MD
LG