Accessibility links

Ауғанстан шекарашыларына шабуыл жасалды


Президент сайлауына түсіп жатқан Абдулла Абдулланың жарылыстан кейін қираған көлігі. Кабул, 6 маусым 2014 жыл.

Президент сайлауына түсіп жатқан Абдулла Абдулланың жарылыстан кейін қираған көлігі. Кабул, 6 маусым 2014 жыл.

Ауғанстанда Түркіменстанмен шекарада болған атыстан алты сарбаз жараланды. 6 маусым күні Марчак өңірінің Бадгис елді мекенінің төңірегінде шекарашыларға содырлар шабуыл жасаған.

Жергілікті қауіпсіздік қызметінің ақпаратына қарағанда, шекара жауынгерлеріне шабуыл соңғы айларда жиілеп кеткен.

Мұның алдында, жұма күні Кабулдың батыс бөлігіндегі отель маңында екі жарылыс болғаны хабарланған еді. Ол жерде Ауғанстандағы президент сайлауына түсіп жатқан осы елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла сайлаушылармен кездесіп жатқан. Кандидаттың өзінің айтуынша, бір бомба оның көлігінің жанында жарылған, өзі аман қалған. Жарылыстарды әзірге ешқандай ұйым мойнына алған жоқ.

Жұма күні Фарьяб провинциясында Абдулланың жергілікті сайлау штабының басшысы генерал Абдулла Мәлікке қастандық жасалды. Генерал өзінің және туыстарының аман екенін, оққағарының қаза тапқанын хабарлады.

Абдулла Абдулла 14 маусым күні өтетін президент сайлауының екінші турында жеңіске жетуі мүмкін. Оның қарсыласы - Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани.
XS
SM
MD
LG